» Материалы за Май 2016 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектеп әкімшілігі

Автор: admin от 16-05-2016, 00:07, посмотрело: 13614

224

1

Утелбаева Гульнара Лесбековна

Директор



2

Сералиев Болат Сапарович

Оқу ісі меңгерушісі



3

Аширбекова Ажар 

Оқу ісі меңгерушісі



4

Ауелбеков Бауыржан Жумакулович

Тәрбие бойын дир.орын



5

Молдаханов Қалдаулет Хайбуллаұлы

Тәрбие бойын дир.орын



6

Сарбасова Баян Әбибуллақызы

Педагог психолог



7

Ебеков Мұрат Омарұлы

Әскер жетекші



8

Мауленова Рыскуль

Әлеуметтік педагог



9

Сапармуратов Қосай Махамбетұлы

Тәлімгер



Категория: Әкімшілік

 

Мектеп ұжымы

Автор: admin от 16-05-2016, 00:05, посмотрело: 9290

666

Аты-жөні, тегі

Атқарып отырған қызметі

Туылған күні, айы, жылы

Педагогикалық өтілі

1

2

3

4

5

1

Утелбаева Гульнара Лесбековна

Директор

06.05.1957

15

2

Сералиев Болат Сапарович

Оқу ісі меңгерушісі

17.08.1971

11

3

Аширбекова Ажар 

Оқу ісі меңгерушісі

29.04.1966

27

4

Ауелбеков Бауыржан Жумакулович

Тәрбие бойын дир.орын

20.07.1963

33

5

Молдаханов Қалдаулет Хайбуллаұлы

Тәрбие бойын дир.орын

15.09.1979

5

6

Сарбасова Баян Әбибуллақызы

Педагог психолог

14.12.1960

25

7

Ебеков Мұрат Омарұлы

Әскер жетекші

11.01.1960

32

8

Мауленова Рыскуль

Әлеуметтік педагог

22.04.1987

3

9

Сапармуратов Қосай Махамбетұлы

Тәлімгер

23.01.1971

24

10

Наврузов Туребай Шамидинович

Мұғалім

19.11.1962

28

11

Абдиев Наурызбай Рустамович

Мұғалім

19.03.1967

22

12

Бейсенов Азимбек Адилбекович

Мұғалім

08.07.1989

3

13

Кузбакаров Курбанали Хайруллаевич

Мұғалім

01.05.1963

24

14

Муратов Абдулла Баймуратович

Мұғалім

19.09.1987

5

15

Қамбарбеков Турсынбек Асамбекович

Мұғалім

01.05.1986

7

16

Хамдамов Базарбай Бабамуратович

Мұғалім

24.06.1985

7

17

Усенов Куралбек Мажитович

Мұғалім

25.05.1971

12

18

Хамдамов Искандер Шамуратович

Қосымша педагог

13.01.1986

3

19

Ильясов Толипжон Ахметович

Қосымша педагог

18.05.1987

3

20

Киличев Хасан Туркменович

Хатшы

03.08.1984

11

21

Сейдиханов Мақсат Илесұлы

Іс жүргізуші

09.03.1992

1

22

Уразбаев Маратбек Сейдахметович

Мұғалім

10.10.1985

9

23

Ирзаев Ерғали Оралбаевич

Мұғалім

19.10.1979

10

24

Кумисбаев Атемтай Рахатович

Мұғалім

13.06.1980

2

25

Кушаров Хамид Аманбаевич

Мұғалім

23.04.1982

3

26

Хамдамов Музаффар Шамуратович

Мұғалім

19.04.1984

2

27

Дехканова Мавлуда Аманкуловна

Мұғалім

11.04.1967

27

28

Сарыбасова Сарбиноз Кенесбековна

Мұғалім

15.12.1960

32

29

Хамдамов Бабамурад Бабоевич

Мұғалім

21.03.1959

32

30

Ильясова Сайера Кахаровна

Мұғалім

07.10.1970

27

31

Дуйсенбаева Гүлзира Исабековна

Мұғалім

24.01.1972

22

32

Рысбекова Мадина Жапаровна

Мұғалім

23.04.1985

5

33

Бабаева Гулбахор Жураевна

Мұғалім

15.09.1967

16

34

Ташева Бахригул Акабаевна

МАДТ

27.03.1962

31

35

Нурманова Туймеш Карилбаевна

Мұғалім

04.05.1982

5

36

Сарсенбаева Оразкул Кенесбаевна

Мұғалім

13.10.1973

20

37

Дадаева Аманкул Муродовна

Мұғалім

11.12.1970

24

38

Джанжигитова Айгул Саттаровна

Мұғалім

01.05.1988

6

39

Латипова Аиша Шавкиевна

Мұғалім

14.05.1965

29

40

Назарова Гулрабо Махкамовна

Мұғалім

04.12.1963

31

41

Алимова Алия Анарбаевна

МАДТ

20.11.1988

1

42

Салменова Аймакул Косаевна

Мұғалім

15.11.1969

21

43

Кучарова Малохат Уракбаевна

Мұғалім

16.12.1972

20

44

Бекшораева Ботакөз Кулмаханбетовна

Мұғалім

21.11.1979

14

45

Беисенова Айнаш Асановна

Мұғалім

26.07.1978

19

46

Сулайманова Матлуба Октябрывна

Мұғалім

08.09.1984

11

47

Садыкова Алия Абдуловна

Мұғалім

13.12.1982

9

48

Закирова Нафиса Базарбаевна

Мұғалім

19.03.1979

17

49

Сейдиеримова Ғалия Касымхановна

Мұғалім

26.07.1977

7

50

Ташева Фарида Жандаровна

Қосымша педагог

20.11.1987

3

51

Спанова Гулнар Ораловна

Зертханашы

03.06.1987

6

52

Шамсутдинова Айсулу Алиаскаровна

Мұғалім

04.01.1989

5

53

Жүсіпбекова Ырыскул Зұлқарқызы

Кітапханашы

01.11.1962

12

54

Турушев Феруз

Шеберхана меңгерушісі

11.03.1991

1


Категория: Мұғалімдер

 

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

Автор: admin от 10-05-2016, 14:27, посмотрело: 2389

4

Алғашқы қоңырау мерекесіне кіріспе сөз !

Құрметті оқушылар мен оқытушылар! Ата-аналар,қонақтар
Сіздерді Тәуелсіз еліміздің үлкен мерекесі «Алғашқы қоңырау» мерекесімен қызу құттықтаймыз. Осынау мерекеге Тәуелсіздігімізге өмірін берген халқымыздың ұлы перзенті М.Шоқай есімін иеленген мектебіміз оқу білім тәрбие саласында өзіндік қомақты табыстармен,көтеріңкі көңіл-күймен келіп отыр. Мектебімізді 50 түлек бітіріп шықты. Олардың 21-і мемлекеттік грант бойынша оқуға түсті. 3 оқушымыз «Серпін» бағдарламасы бойынша Павлодар қаласындағы мұнай-газ колледжіне «мұнай өнімдерін өңдеу» мамандығы бойынша оқуға түсті. Қалғандары да өмірдің түрлі салаларынан орын тауып отыр. Елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Оның алғашқы жылын басымыздан өткеріп отырмыз. Нәтижелеріміз жаман емес. ҰБТ сынағы бойынша ауданда 12 орын иелендік. Мемлекет ендігі жерде бітірушілердің оқуға түсуін,жұмысқа орналасуын осы ҰБТ нәтижесімен байланыстырып отыр. Мектептің ішкі өміріндегі үлкен жаңалық оқушының тек нақты білім ғана есепке алынады. Бақылау жұмыстары тек директордың бақылауымен іске асады. Сол жерде тексеріліп,оқушыға да,оқытушыға да талдау беріледі. Енді электронды журналға көшеміз,дайындық басталып кетті. Қазан айынан бастап толық көшеміз.Құрметті ата-аналар, мұның бәрін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың болашақ ұрпаққа деген қамқорлығы деп түсініңіздер. Ата-аналардың құқығын жақсы білесіздер. Енді,заң алдында да ар алдында да міндеттеріңізді орындайтын уақыт келді.
Сіздерді мектеппен тығыз байланыста болуға шақырамын. Бұл мемлекет талабы уақыт талабы.
Сіздерді мерекемен және бір рет құттықтаймын.Бәріңізге табыс тілеймін!!!

 

«М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мақтарал аудандық білім бөлімінің № 1025 санды бұйрығына сәйкес «2 қыркүйек – Білім күніне» арналған салтанатты жиын «Рухани жаңғыру » тақырыбы аясында таңертең сағат 8:30-да басталып 9:15-те аяқталды. Салтанатты жиынды мектеп директоры ашып өткен оқу жылында қол жеткізген жетістіктері және ҰБТ нәтижесі туралы баяндама жасап, алдағы оқу жылына қойылып отырған міндеттерге де тоқталып кетті.Сөз соңында өткен оқу жылында қажырлы еңбегімен көзге түскен ұстаздарды марапттап, мектеп ұжымына табысты еңбек және оқушыларға сәттілік тіледі.
Құттықтау сөзді мектебімізге келген қонақтар жалғастырды. Мақтарал аудандық әкімшілігінен келген қонағымыз Н.Егізбаев өз кезегінде оқушылармен ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап сәттілік пен шығармашылық табыс тіледі. Мақтарал аудандық білім бөлімінің әдіскері Мэлс Әуелбекұлы сөз сөйлеп бүгінгі таңдағы еліміздің саяси бағыты мен білім саласындағы реформалар туралы тоқталып өтті.Соның ішінде Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасы іске қосылғандығын айтып 2017-2018 оқу жылында «Қазақстан тарихы», «География», және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша білім беру ұйымдарында «Туған ел» кең ауқымды мақсатқа бағытталған «Туған жер» бағдарламасын іске асыру барысында сабақты мұражайларда, мәдени ұйым салаларында, тарихи ғимыраттарда өткізу үшін 5 сағат бөлініп отырғандығы туралы жеке атап өтті.
Салтанатты жиын мектебіміздің өнерпаз оқушыларының концерттік бағдарламасы мен жалғасты. Мереке соңында алғашқы қоңырауды соғу мәртебесіне 1 сынып оқушысы Төреқұл Мейіржан және 11 сынып оқушысы Жұмабек Сапарбек ие болды
Мерекелік таңертеңгіліктен соң барлық сыныптарда «Рухани жаңғыру» тақырыбы аясында «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында тәрбие сағаттары өтілді.

 

 

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

 

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

 

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

 

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

 

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

 

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

 

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

 

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

 

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

 

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

 

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

 

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

 

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

 

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

 

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

 

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

 

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

 

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

 

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

 

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

 

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

 

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

 

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

 

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

 

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

 

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

 


 
 
 
 
 
«Көктем аруы & Жігіт сұлтаны» – 2016»
"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

Сәуір айының 15 – ші жұлдызы» ғашық жүректерге шуақ сыйлайтын мерейлі мерекеге арқау болған Қозы Көрпеш - Баян Сұлудың махаббатына арналып аудан көлемінде «Көктем аруы & Жігіт сұлтаны» – 2016» байқауы өтті.
Бұл байқаудың басты мақсаты – жастар бойында ұлттық тәрбие құн­дылықтарын дамыту, мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту, жастардың жеке тұлға ретінде үйлесімді дамуына, ру­хани және жеке кемелденуіне жәр­демдесу, бүгінгі қыздар мен жігіттер­дің шығармашылық және жоғары зият­кер­лік әлеуетін дамыту, сондай-ақ салауатты өмір салтын, табиғи сұлулықты насихаттау.
Қатысушылардың интеллектуалды өресі, өнері, білімі сараланған бұл сында 11 мектептен 8 қыз, 8 жігіт таңдалып алынды. Қыздар жалпы Defile – де өздерінің жүрісін, сәнді көйлектерін көрсетсе, жігіттер ұлттық спорттық сайыстардан сұрақ-жауап ­бойынша сынға түсті. Сонымен қатар байқауға қатысушылардың тек спорттық қабілеті ғана емес, ұлттық дәстүрді білуі, үлкенді сыйлай білуі де назарға алынды.
Байқаудың ақтық кезеңі де қызу тартыспен өтті. Оған қатысушылар сәлемдесу, сұрақ-жауап, өнер сайысы, ұлттық нақыштағы заманауи сән үлгілерін көрсету (дефиле), ғашықтар ғаламатынан үзінді сынды 6 кезең бойынша бақ сынады. Жарыстың әрбір кезеңі көрермен қауым үшін әсерлі болды.

Қорытындылай келе 10 «Ә» сынып оқушылары Аманбек Бауржан & Сейтжанова Анеля бас жүлдеге ие болды, ал 9-сынып оқушылары Иренші Жансая & Байдамбеков Мадияр «Ең өнерлі жұп» номинациясымен марапатталды.


"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016
 
 
8-наурыз «Аналар мерекесі» – 2016

"Көктем аруы" – 2016. Жігіт сұлтаны» – 2016

 


Категория: Мектеп дәстүрі

 

Ата-аналарға пайдалы кеңестер

Автор: admin от 10-05-2016, 13:39, посмотрело: 2379

10
Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері


Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері
Мектеп өміріне қатысуға;
1. Ата-аналар комитетінің мүшесі болуға құқылы.
«Білім туралы» Заңда, отбасы кодексінде, мектеп Жарғысында сонымен қатар, басқа да нормативті – құқықты актілерде көрсетілген ата-аналар міндеттерін орындауға;
1. Ата-аналар комитетінің іс-шараларына қатысып, мектеп әкімшілігі және педагогикалық ұжыммен бірігіп жұмыс жүргізуге;
2. Баласының сабаққа кешікпеуін, сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауға;
3. Мектеп жарғысына сәйкес оқушының мектеп формасын сақтауын қадағалауға;
4. Баланың сабақтан тыс ісшараларға үйірме және секцияларға, мектепішілік олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын бақылауға алуға;
5. Оқушының оқулықты ұқыпты ұстауын қадағалауға;
6. Егер бала мектеп мүлкін бүлдірсе (оқу-зертханалық және басқа жабдықты бүлдірсе, оқулығын жоғалтса және т.б.) көрсетілген шығынды белгіленген тәртіпке сәйкес қалпына келтіруге;
7. Баланы сабақтан бос уақытында және демалыс кездерінде қараусыз жіберіп,тәртіпсіздік жасауына жол бермеуге, баланың уақытын үнемді, мақсатты пайдалануын ұйымдастыруға;
8. Баланың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, денсаулыққа байланысты зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға;
9. Ата-аналарға арналған іс-шараларға, ата-аналар жиналысына белсене қатысуға;
10. Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге;
11. Балаға сағат 21.30 дан бастап, далада жүруіне тыйым салуға;
12. Балаға патриоттық,рухани адамгершіліктік тәрбие беруге;
13. Баланың салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға;
14. Баланы кез-келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ұйымдардан қорғауға міндетті.


Ата-аналарға қойылатын мектептің ішкі тәртіп ережесі


1. Әр ата-ана және оқушы мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға
міндетті.
2. Ата-ана баласының сабақтан кешікпеуін , сабақтан себепсіз
қалмауын қадағалауы тиіс. Егер оқушы сабақтан себепті қалатын
болса , оны анықтамамен дәлелдеуі тиіс
3. Ата-ана баласын мектеп формасымен , аяқ киіммен , қажетті
оқу- құралдарымен толық қамтамасыз етуге жауапты.
4. Оқушыны демалыс кезінде мектептің жоспары бойынша ұйымдастырыл-
ған іс-шараларға қатыстыруы тиіс.
5. Мектептегі іс-шараларға 6 жасқа толмаған балаларды әкелуге тыйым
салынады .
6. Сабақ уақытында сынып жетекшісінің уақытын бөлуге тыйым салынады.
7. Сынып жетекшісімен алдын ала келісім бойынша, сабақтан бос уақытта
кездесуге болады.
8. Мектеп әкімшілігімен кездесу үшін кезекші мұғалімге өзінің жеке куәлігін
көрсетіп , тек жазылу арқылы кіргізіледі. Сұрақ туған жағдайда , алдымен ,
сынып жетекшісі , директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары,
мектепішілік ата-аналар комитетінің мүшелерімен талқылауы тиіс.
9. Оқушылардың ұялы телефондары және басқа да бағалы заттары жоғалса ,
мұғалім және мектеп әкімшілігі оған жауап бермейді.
10. Мектеп ауласына велосипедпен, роликпен,балаларға арналған бесік
арбамен ( коляскамен) кіруге , мектеп ауласында серуендеуге тыйым
салынады.



Ата-ана назарына

Бала тәрбиесі


ҰБТ алдындағы ата-аналарға психологиялық көмек көрсету


Ата-аналарға психологиялық тренинг


Ұялы телефонның балаға зияны


Әлеуметтік желілердің әбігері

Категория: Ата-аналарға

 

Мектеп тынысы

Автор: admin от 10-05-2016, 11:22, посмотрело: 8690

Категория: Галерея

 

Оқушы ережесі

Автор: admin от 10-05-2016, 06:08, посмотрело: 32816

85

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері


Мемлекеттік Рәміздермемлекеттіңтәуелсіздігін білдіретінсимволикалық айырымбелгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеудіпарызетеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібіКонституцияданемесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердіңотансүйгіштіксезімін қалыптастырады.

Қазақхалқында әрбір рудың мал-мүлікке салатын өз таңбасы болды. Соғыс жағдайында межелі жерге әрбір рудың жасағы өз руының таңбасы салынғанбайрақұстап, хан туының астына жиналатын болған.Қазақстантәуелсіздік алғаннан кейін оның мемлекеттік Рәміздері бекітілді;

·Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы,

·Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы,

·Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны.

 Қазақстан Республикасыные мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасыные мемлекеттік Туы
 

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы–Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген.Күн,арай,қыранжәне ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшiШәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсызашық аспанныңбиiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқыныңбiрлiк,ынтымақжолына адалдығын аңғартады. Бұлтсызкөк аспанбарлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған.Геральдика(гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде "көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түстүркi халықтарыүшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылғанниет-тiлегiнiңтазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы
 

Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк ЕлтаңбасыҚазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.ҚазақстанРеспубликасының Президентiнің"Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi.Шаңырақ— мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезiкөшпелi түркiлерүшiн үйдiң,ошақтың, отбасының бейнесi.Тұлпар— дала дүлдiлi, ер-азаматтыңсәйгүлiгi, желдей ескенжүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi.Қанаттытұлпар— қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпарУақытпенКеңiстiктiбiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiнҚазақстанхалқыныңөсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.

 


 

Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiкӘнұраны


 

Сөзі:Жұмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев
Әні:Шәмші Қалдаяқов


Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!



Оқушының өзін-өзі ұстау ережесі:

Оқушы ережесі

 


Үзіліс кезінде оқушының міндеті:

- Өзінің жұмыс орнын тәртіпке келтіру тазарту;
- Мұғалімнің талаптарына бағыну;
- Мұғалім ескертсе сыныптан шығу;
- Үзіліс кезінде оқушы мектептің ішінде оқушының қауіпсіздігі үшін тиым салынған (мектептің төбесі, подвал, физикалық, химиялық лаборатория) жүруге болмайды, басқа жерлерде еркін жүре алады;
- Үзіліс кезінде оқушыларға әкімшіліктің және сынып жетекшілердің рұқсатынсыз мектеп ауласына шығуға болмайды;
- Үзіліс кезінде оқушыларға бірін бірі итеруге, күш қолдануға болмайды;
- Терезе жақтауында отыруға, өз бетімен терезені ашуға қатаң тиым салынады;
- Үзіліс кезінде оқушылар баспалдақпен жүгіруге, ойынға арналмаған жерлерде жүгіруге болмайды;
- Кезекші сынып кезекші мұғалімге үзіліс кезіндегі тәртіпке көмектеседі;


Сабақ кезіндегі тәртіп:


-Мұғалім сыныпқа кіргенде оқушылар орындарынан тұрады;

-Сабақ кезінде өзінің де өзгенің де керекті білім алуына кедергі жасайтындай шу, бөтен әңгіме, сабаққа керек емес нәрселер болмау керек;


Қатаң тиым салынады:


1.Мектептің күнделікті тережесін бұзуға (себепсіз сабаққа кешігу, келмей қалу)

2. Мектепке сай формасын сақтамауға;

3. Спирттік ішімдіктер, темекі, наша және насыбай қолдануға, сағыз шайнауға;

4.Кешкі уақытта қоғамдық орындарда, көшеде жүруге;

5.Басқа оқушылардың денсаулығына зиян келтіретін әрекеттер жасауға;

6.Мектеп оқушылардың бағалы заттардың жоғалуына жауап бермейді (ұялы телефон, құнды заттар, ақша);

7. Компьютерлік клубтарға баруға;

8. Мектепке денсаулыққа зиянды, жанғыш, өткір, кескіш заттарды, газ баллондарын әкелуге болмайды;


Оқушы ережесі

Әр оқушы өз бойында Қазақстан Республикасының жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға міндетті.

1. Ғылым мен білімнің негізін қалап, өз біліміңді жетілдір.

2. 2 Сабаққа кешікпей таза, ұқыпты киініп сабаққа керекті құрал жабдықтарыңмен дайын кел.

3. Ең бірінші мұғалім талабына сәйкес күнделікті көрсет және күнделікті үй тапсырмасын жаз.

4. Мектеп ішіндегі, мектеп ауласындағы жұмыстарға шамаң келгенше көмектес.

5. Қоғамдық өмірге белсене араласып өзіңді саналы түрде болашақ мамандық таңдауға дайында. Еңбек тәрбиесі бойынша тапсырмаларды орындау барысында қауіпсіздік техника ережелерін қатаң сақта. Өрт қауіпсіздігі, жол ережелерін оқып біл және сақта.

6. Мектептің қоғамдық-мәдени іс-шараларына, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымына белсене қатыс.

7. Туған жердің табиғатын, халқыңның байлығын сақтап, қорғап көбейтуге ат салыс.

8. Мектептің, өзіңнің және басқаның мүлкін сақтауға, мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақта.

9. Оқушы мектеп мүлігін бүлдірсе, оны ата-анасы орнына келтіру керек.

10. Біреудің затын рұқсатсыз иемденуге болмайды, жоғалған немесе ұмытып кеткен затты кезекші мұғалімге немесе әкімшілікке тапсыру керек.

11. Сабақ кезінде медбикенің немесе сынып жетекшінің рұқсатынсыз кетуге болмайды.

12. Босатылған сабақтар үшін оқушы сынып жетекшіге анықтама немесе ата анасынан ескертпе қағаз әкелу керек.

13. Салауатты өмір салтын сақтап, жүйелі түрде спортпен айналысып, шынық, өзіңді Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қызметіне дайында.

14. Заманауй талапқа сай мәдениет пен техниканы меңгеріп, әр түрлі шығармашылық қабілеттеріңді дамыт.

15. Өз еңбегіңді дұрыс ұйымдастырып, уақытыңды үнемді пайдалан.

16. Қоғамдық орындар мен көшеде әдеп ережесін сақта.

17. Достарыңа адал болып, мектеп ұйымының тұтастығын сақтап, оның пайдалы жақтарын дамыт.

18. Ата-ана, отбасы мүшелеріне құрмет көрсетіп, үй шаруасына көмектес.

19. Ұстаздардың еңбегіне құрметпен қара. Мұғалімдердің, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының талаптарын белсенді қолдап, орында.

20. Мектеп формасын, Алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру пәндерінің бекітілген киім үлгісін қатаң түрде сақта.

21. Қоғамдық, жеке баса гигиенасын, қысқа және ұзын шашты жинап оқушыға сай шаш үлгісін сақта.

 


Сабақ кестесі:

Оқушы ережесі

 

ҰБТ-ге дайындалудың тың әдісі


 

ҰБТ-тапсырушы талапкерге кеңес
 

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ОНЛАЙН ДАЙЫНДЫҚ

Осы сілтеме арқылы онлайн тестке кіруге болады
http://itest.kz/kaz
 
 

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ 

ДАЙЫНДЫҚ ОНЛАЙН САЙТТАР

 
http://ustudy.kz/kk

 
http://5plus.kz/
 

Категория: Оқушыларға

 

Мектептің мекен-жайы:

Автор: admin от 10-05-2016, 03:43, посмотрело: 1064

5 Оңтүстік Қазақстан облысы,
Мақтарал ауданы,
Жылы су ауыл округі,
Б.Майлин көшесі, н/з.

E-mail: Shokai_2030@mail.ru

Байланыс телефоны: +7(72534)57274


Мектептің мекен-жайы:

Категория: Мекен жайымыз

 

Мектеп тарихы

Автор: admin от 10-05-2016, 02:01, посмотрело: 20717

1219

"М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мектеп тарихы 

Мектеп тарихы – 1957 жылы қыркүйегінен басталады. В.И.Ленин атындағы №2 орыс-қазақ орта мектебі болып ашылды. 1965 жылы 2 қабатты жаңа үлгідегі мектеп салынды. 1957 жылдың жазында орыстың атақты жазушысы Константин Симонов келіп алғашқы тың игерушілермен танысты. 1972 жылы мектептің аты №22 Н.К.Крупская орта мектебі болып өзгерген. Ал 23.05.2000 жылдан бастап үкіметтің №775 қаулысымен қазақтың біртуар ұлдарының бірінің атымен «М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі» болып аталды.


Мектеп директоры болып қызмет атқарған:

1. Агибалов П.П – 1957-1959 ж.ж.
2. Зотов А.П – 1959-1962 ж.ж.
3. Жансейтов А – 1962-1964 ж.
4. Арипов Е – 1964-1977 ж.
5. Жолдыбаев С -1977-1980 ж.ж.
6. Сүлейменов С – 1980-1985 ж.ж.
7. Құлжанов С – 1985-1987 ж.
8. Сейдалиев М – 1987-1989 ж.
9. Шаймерденов Ж -1989-1991 ж.ж.
10. Исабеков Е – 1991-1996 ж.ж.
11. Зербаев Т – 1996-2003 ж.
12. Дүйсебаев Б – 2003-2008 ж.ж.
13. Қарабеков О – 2008-2010 ж.
14. Утелбаева Г – 2010 ж.


Мектеп директоры


Утелбаева Гульнара Лесбековна

 

 


 

 

Мектеп тарихынан

 

 

 


 

Мұстафа Шоқайдың өмірбаяны

  

 

Мұстафа Шоқай (1889-1941) — Алаш қозғалысына қатысқан ірі қайраткер, Түркістан жерінің азаттық күресі топ бастаушыларының бірі, публицист ғалым. Қызылорда облысының Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылында Сыр өңірі қазақтары арасындағы беделді кісі Шоқайдың үй ішінде өмірге келген. Мұстафа Шоқайдың әкесі Торғай Сыр азаматтары Ресей өкіметінің қоластына өтпей тұрғанда Хиуа ханының уәлиі, ал нағашылары Хиуа хандығын орыстардан қорғауда ерекше көзге түскен әйгілі әскербасылар болған. Мұстафа Шоқай жазу-сызуды өз шешеcінен жасы беске толмай жатып үйренген.Сұлутөбе станциясындағы орыс білім ордасында бастауыш білім алған ол 1902 жылы Ташкенттегі гимназияға түсіп, 1910 жылы үздік бітіріп шығады. Мұстафа Шоқай 1910 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, оны 1917 жылы бітіреді. Студент шағынан қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, түркі-мұсылман студент жастарының қозғалысына қатысады. Балқан соғысына байланысты 1912 жылы Санкт-Петербордағы қазақ, татар, өзбек, башқұрт және әзірбайжан студент-жастары арасында Түркияны қолдау қозғалысы өріс алған кезде оның арасында Мұстафа Шоқай да болады. Ол 1915 жылы түркі-мұсылман халықтарының еркіндік қозғалысына іріткі салу мақсатында орталық билік орындары құрған «Сират-ул-мустақим» («Тура жол») партиясына алғаш наразылық танытқандар қатарында болып, студент жастар тобымен бірлесе отырып, зиялы қауым өкілдеріне «Сират-ул-мустақим» партиясын қолдамау жөнінде үндеу тастады. Бұл үндеу сол кезде татар тілінде жарық көріп тұрған «Сөз» газетінде үнделді. 1916 жылы Ә.Бөкейхановтың ұсынысымен Мемлекеттік думадағы Мұсылман фракциясы жанындағы бюроға мүше болып, онда хатшылық қызмет атқарды. Түркістандағы көтерілістің себеп-салдарын тексеруге Мемлекеттік дума Ташкентке арнайы комиссия аттандырғанда, оның құрамында депутаттар А.Керенский, Тевкелевтермен бірге Мұсылман фракциясы жанындағы бюро мүшелері Ш.Мұхамедияров пен Мұстафа Шоқай болды. Жергілікті халықтың жағдайымен терең танысу мақсатында Мұстафа Шоқай Ташкентпен ғана шектелмей, Самарқанд пен Әндіжанда болып, жергілікті жағдаймен танысты. Петроградқа оралғаннан кейін өзі жинаған материалдар негізінде 1916 жылғы көтеріліс кезінде билік орындарының Түркістан халқын аяусыз қуғын-сүргінге ұшыратқаны туралы Мемлекеттік думада Мұсылман фракциясы атынан жасалатын мәлімдеме мәтінін әзірледі. 1917 жылы Ақпан революциясы нәтижесінде патша өкіметінің құлауын зор қуанышпен қарсы алып, қалыптасқан саяси ахуал Ресей империясында ұлттық езгінің тауқыметін тартқан түркі-мұсылман халықтарының бостандыққа жетуіне мүмкіндіктер туғызады деп үміттенді. 1917 жылы сәуірдің 16-21-і аралығында Ташкентте өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының 1-ші съезіне қатысып, оның төралқасына мүше болып сайланды. «Бірлік туы» газетінің негізін қалап, оның ең басты және ең алғашқы редакторы қызметін атқарды. Түркістан өлкесі жергілікті халқының мүддесін қорғауды мүдде еткен қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін құрылған «Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесіне» басшылық етті. Мұстафа Шоқай бірінші жалпықазақ съезіне қатысып, Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Ташкенттегі жұмысшы-солдат депутаттар кеңесі жергілікті халықтың өзін-өзі басқару құқығын мойындаудан бас тартып, қарашаның 15-22-інде өткен кеңестердің 3-ші съезі қабылдаған «өлкедегі барлық билік еуропалық нәсілдерден кұралған Түркістан Халық комиссарлар кеңесіне көшеді» деген қаулысын Мұстафа Шоқай нағыз әділетсіздік деп бағалады. Ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдарды кеңестердің қырына алуына орай Мұстафа Шоқай жетекшілік еткен «Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі» Ташкенттен Қоқанға көшіп, онда өлке мұсылмандарының төтенше съезін тез арада өткізу ісін қолға алды. 1917 жылы қарашаның 28-інде өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының төтенше 4-ші съезінің төралқасына басшылық етті. Осы съезд шешімімен құрылған Түркістан (Қоқан) автономиясының 54 адамнан тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрамына сайланды және әлгінде Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі болды. Уақытша үкіметінің төрағасы М.Тынышбаев жұмысынан босатылғаннан кейін оның орнына Мұстафа Шоқай сайланды. Ол сондай-ақ 1917 жылы желтоқсанда Екінші жалпықазақ съезіне қатысып, Алашорда құрамына сайланды. Съезд аяқталғаннан кейін Мұстафа Шоқай біртұтас автономия құру жобасын қарау үшін Сырдария қазақтарының құрылтайын құру туралы тиісті қайраткерлерге телеграмма жолдады. Онда: «Сырдария халқына өз тарапымнан айтарым, тегінде Алаш баласының басы қосылатын кезі осы бүгін. Айрылсақ, мұнан соң жұрттың басын қосуымыз қиын. Алаш ұранына шаппайтын қазақ баласы болмас. Сырдария қазағы кешікпей Алаш туының астына жиналар деген үміттеміз делінген еді. Мұстафа Шоқайдың Сырдария өңірі қазақтарын Алаш автономиясына қосу жолындағы әрекеті нәтижесіз болған жоқ. 1918 жылдың бас кезінде өткен Сырдария облысы қазақтарының съезі «Алашорда өз алдына автономия жариялап, Түркістан (Қоқан) автономиясымен одақ болса, Сырдария қазақтары Түркістан автономиясынан шығып, Алаш автономиясына кіреді» деген қаулы қабылдады. Қоқан қаласын большевиктер жаулап алып, Түркістан (Қоқан) автономиясын жойылуына байланысты Мұстафа Шоқай шет елге эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. 1918 жылы мамырда зайыбы Мария Горина ? Шоқаймен бірге Ақтөбеге, одан Екатеринбургке жетті. Онда кеңестік билікке қарсы оппозиция күштермен байланыс орнатып, большевиктер үстемдігіне қарсы күрес жүргізудің жолдарын қарастырды. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының Самарадағы комитеті мәжілістеріне қатысты. Осы комитеттің ұйымдастыруымен 1918 жылы қыркүйекте Челябинскіде шақырылған съезге қатыспақ болып барғанында өзге делегаттармен бірге Колчак әскерлері тарапынан тұтқынға алынды. Сәті түсіп, тұтқыннан босап шыққан соң 1919 жылы көктемде Маңғыстау арқылы Бакуге, одан Тбилисиге келді. Мұстафа Шоқай онда 1921 жылғы ақпанның 25-іне дейін болып, осетиндік белгілі қайраткер А.Цалыковтың редакторлығымен шығатын «Вольный горец» және Грузия меньшевиктерінің «Борьба» газеттерінде істеді. 1920 жылы Тбилисиде украиндықтармен бірлесе отырып «На рубеже» журналын шығаруды жолға қойып, оның редакторы жұмысын жасады. Сонымен бірге ол «Шафақ» («Таңсәрі») газетіне бас редактор болды. Тбилиси қаласы Кеңес өкіметінің қолына өткен соң Мұстафа Шоқай зайыбымен бірге Түркияда біраз аялдап, соңынан Францияға ауысты. Шетелдік эмиграция жылдарында көптеген қиыншылықтарды жеңе отырып, ол кең ауқымды, терең мазмұнды саяси күрес жүргізді. А.Керенскийдің «Дни» және П.Милюковтың «Последние новости» газеттерінде қызмет етті. 1927 жылдан Зәки Уәлиди Тоғанның редакторлығымен Парижде шығып тұрған «Иени Түркістан» журналына атсалысып, «Туркестан милли бирлиги» («Түркістан ұлттық бірлігі») ұйымына жетекшілік етті. Эмиграцияда жүрген түркі-мұсылман халықтарының Ә.Топчибашев және Г.Исхаки секілді өкілдерімен жиі араласып, пікірлес болды. Оларды Ресейдегі түркі-мұсылман халықтарын азаттыққа жеткізуде күш біріктіре әрекет етуге үндеді. 1929 жылдан «Яш Туркестан» («Жас Түркістан») журналын шығаруды қолға алды. Бұл журналдың алдына қойған міндетін Мұстафа Шоқай: «Егер біз халқымыздың ұлттық тәуелсіздік жолындағы талаптарының мән-мағынасын сол күйінде әлсіретпей «Яш Туркестан» беттерінде бере алсақ, онда бәріміз үшін қасиетті және аса ауыр жауапкершілік артқан міндеттердің бір бөлігін өтеген болар едік», деп сипаттады. Ол «Яш Туркестанда» Түркістан халқының мәдениеті, кеңестік биліктің бұл өлкедегі саясаты және 2-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар, т.б. тақырыптағы қоғамдық-саяси мәні өткір зерттеу мақалаларын жариялады. Оның атсалысуымен жарық көрген басылымдарда тек Түркістан өлкесі ғана емес, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Еділ-Жайық бойы, Қырым халықтары жөнінде қоғамдық-саяси мәні бар материалдар басылып тұрды. Мұстафа Шоқай Орталық Азия кеңістігінде ұлттық-аумақтық межелеу негізінде бірнеше кеңестік республикалардың өмірге келуін құптаған жоқ. Ол большевиктер бұл өлкеде бөле отырып билеу саясатын ұстанып отыр деп түсінді. Ал республикаларды «ұлттық» емес, «ұлыстық» республикалар ретінде қабылдады. Түркістанда кеңестік биліктің орнауы және оның қызметі, іске асырылған жер-су реформасы, мемлекеттік мекемелерді жергіліктендіру, байлар меншігін тәркілеу, көшпелілерді отырықшы тұрмысқа көшіру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселелерін талдауда нақтылы мәліметтерге жүгіне отырып, тоталитарлық жүйені сынға алды және оның солақай саясатын әлем жұртшылығына паш етті. Кеңес өкіметі басшылығына Мұстафа Шоқай сыны өте жайсыз тиді. Сондықтан да кеңес өкіметінің үгіт-насихаты Мұстафа Шоқай сынына қарсы мақсатты түрде еңбек ете бастады, ал бұл ойдың басында И.Сталиннің өзі тұрды. Мұстафа Шоқайдың еңбектерінде фактілік деректер ретінде пайдаланылған түркістандық қазақ және орыс тіліндегі басылымдарды кеңестік билік орындары қатаң бақылауға алды. 1925 жылы мамырдың 29-ында И.Сталин РК(б)П Қазақ өлкелік комитетіне жолдаған хатында «Ақ жол» мен ақ гвардияшыл эмигрант Мұстафа Шоқай арасында идеялық бірліктің байқалатындығын жазды. Мұстафа Шоқай қайда және қандай ауыр жағдайда жүрсе де бүкіл түркі-мұсылман халықтарының қамқоршысы болуға тырысты. Түркі-мұсылман халықтарын «Батыс Түркістан», «Шығыс Түркістан» немесе «Орыс Түркістаны», «Қытай Түркістаны» деп бөле қарауға қарсылық танытты. «Тұтас Түркістан» идеясын, түркі халықтарының бірлікте болуын насихаттады. Ұлттық езгідегі түркі-мұсылман халықтарының азаттыққа қол жеткізуі мен өзіндік құндылықтарын сақтап қалуы олардың өзара ынтымақтастығы мен бірлігіне байланысты екендігін дәріптеді. Эмиграциядағы түркі-мұсылман қайраткерлері арасындағы ұлттық мүддені жалпы түркілік мүддеден жоғары қоюшылармен қызу пікірталасқа түсті. 1940 жылы Парижге неміс әскері кіргенде, Мұстафа Шоқай тұтқынға алынып, бірнеше ай концлагерьде отырып шығады. Түрмеден босаған оны неміс-фашистері түркістандық соғыс тұтқындарынан құрылуға тиіс Түркістан легионын ұйымдастыруға тартпақ болды. Мұстафа Шоқай бұл ұсынысты соғыс тұтқындарының жағдайын жақсарту үшін пайдалану жолдарын қарастырып, нақтылы әрекеттерге барды. Бірақ көп ұзамай Мұстафа Шоқай Берлиндегі «Виктория» ауруханасында күмәнді жағдайда көз жұмып, қаладағы мұсылмандар зиратына жерленді. Мұстафа Шоқай Түркістандағы кеңестік биліктің отаршылдық сипатын алғаш таныған және онымен күресуге бүкіл ғұмырын арнаған, түркі халықтары тарихында жаңа интеллектуалды көкжиекке көтерілген қайраткер болды. Алматы қаласында Мұстафа Шоқай есімімен аталатын көше бар. Қызылорда қаласындағы Экология университетіне Мұстафа Шоқай есімі берілген. Қайраткердің туған өлкесіне ескерткіші қойылған.

 

 

 

Шоқай туралы ән

 

 

 

 

Шоқай туралы көркем фильм

 

 



 

Мектеп мақтаныштары

 

2012-2013 оқу жылында-1 "Алтын белгі" иегері Баймұрат Сая,

Асфендияров атындағы ҰМУ-дың студенті.

 

 

 

2011-2012 оқу жылында- 1 «Алтын белгі» иегерфі,ол-Сарымсақов Ербол,

Астана медициналық университетінің студенті 

 

 

 

2013-2014 оқу жылында -1 «Алтын белгі» иегері, ол -Набатбек Айнұр,

Асфендияров атындағы ҰМУ-дың студенті.

 

 

 

2011-2012 оқу жылында- 1 «Үздік аттестат» иегері,ол-Сапарова Арайлым,

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті

 

 

 

2013-2014 оқу жылында -1 «Үздік аттестат» иегері, ол –Адамбек Бағлан,

Шымкент фармацевтика университетінің студенті.

 

 

 

Мектеп төлқұжаты

Мектеп тарихы


Категория: Мектеп